Бұл сайлау өз уақытында өтіп жатыр – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Сайлау – 2021: үгіт-насихат трендтері» атты сарапшылар талқылауы кезінде Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серiкбаев айтты.

Бүгін елордада саясаттанушылар , қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшасшылары, блогерлер және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен «Сайлау – 2021: үгіт-насихат трендтері» сарапшылар талқылауы өтті. 

Талқылау барысында  сөз алған Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серiкбаев бұл сайлау өз уақытында өтіп жатыр дейді.

Бұл сайлаудың ерекшелігі сол – ол өз уақытында өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін президент сайлауы болсын, парламент сайлауы болсын, «мерзімінен бұрын өтті, дайындықсыз қалдық» деген әңгіме көп айтылатын. Бұл жолғы сайлауда ешқандай партия мұндай әңгімені айта алмайды. Барлығына тең мүмкіндік жасалған, бір мезгілде басталды, - дейді ол. 

Саясаттанушы үгіт-насихат жұмыстарын екі топқа бөліп қарастыруға болатынын айтады. 

Біріншісі – партияның мүшелері болсын, үміткерлері болсын, олар жеке-жеке, «есіктен есікке», «ауылдан ауылға» деген сияқты әр үйге арнайы барып, насихат жүргізуі. Екіншісі – әлеуметтік желілердегі насихат. Бұл заманға сай өзгеріс. Қазір барлық партия әлеуметтік желілерде өте белсенді екенін көріп отырмыз. Жалпы алғанда, үгіт-насихат жұмыстарынан ешқандай  шектеу байқаған жоқпыз, барлығы ҚР заңдарына сәйкес жүргізіліп жатыр, - дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы