Бұл сайлау біздің еліміз үшін өте маңызды болды – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлчохра Махметова ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы қалай өткені туралы пікірін бөлісті.
Жалпы, бұл сайлау, ең алдымен, біздің еліміз үшін өте маңызды болды. Себебі Мемлекет басшысы партиялық тізімге жастар мен әйелдердің кем дегенде 30%-ын қосуға бастама көтерді. Қазақстанның әйел күштері альянсы саяси көшбасшылық мектебін құрды, онда еліміздің барлық өңірлерінен келген әйелдер оқудан өтті және кандидат ретінде үлкен, жоғары саяси сауаттылықты көрсетті, – дейді ол.
Сонымен қатар, ол сайлауда жақсы өмір сүру мақсаты белгіленгенін жеткізді.
Ең маңызды айырмашылық және әйел ұраны – жұмсақ күш қолдану. Жұмсақ күш – бұл махаббат, қамқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық, сақтық, сонымен бірге, балалар, отбасы, әйелдерді қорғау, балаларға білім беру үшін жақсы өмір сүру мақсатының айқын белгіленуі. Әйелдер ұсынатын барлық нәрсені мемлекет қолдайды, – деді Махметова.
фото: almaty.tv
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Респираторлық орталық халыққа тегін қызмет көрсетуде
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы