Бұл қартайғанда көрген қызығым ғой – Ерғали Шамейдің анасы
Париждегі Паралимпида ойындарының күміс жүлдегері, парадзюдошы Ерғали Шамей елге оралды. Спортшыны анасы Астана әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Парадзюдошы Ерғали Шамейдің анасы ұлының жеңіске жеткенін көргенде қандай сезімде болғанын айтты.
Енді бұл қартайғанда көрген қызығым ғой. Мұндай дүние көремін деп ойлаған жоқпын. Алланың берген қуаты. Бүкіл халық қуанғанда менің жүрегім қуанбайды дейсің бе?! Жарылып кете жаздады. Күні-түні ұйқы көрмедім, - деді қарт ана.
Спортшының анасы туған-туыстарына және барлық қолдау білдірген азаматқа алғысын айтты.
Барлығына алғысымды айтып, басымды иемін, - деді Ерғали Шамейдің анасы.
Еске сала кетейік, бүгін елордалықтар Паралимпиада спортшыларын Астана әуежайынан сән-салтанатпен қарсы алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жастар колледждерде оқуға құлықсыз – Бектенов
Өзгелердің жаңалығы