Бұл – менің азаматтық ұстанымым. Цой қазақстандық вакцинаны күтетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚР-да МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында айтты.
Әрине, мен кез келген вакцинаны салдырта аламын. Бірақ мен отандық өндірушілерді қолдағым келеді. Сондықтан қазақстандық вакцинаны күтемін. Денсаулықты сақтау үшін ертерек өзге вакцинаны салдыртқан жөн еді. Алайда мен шешім қабылдадым. Бұл - менің азаматтық ұстанымым. Менің көп әріптесім вакцинациядан өтті. Қай жақтың вакцинасын егу соншалықты маңызды емес. Қазақстандық немесе ресейлік вакцина болсын, ресми түрде тіркелген болса, ол тиімді әрі қауіпсіз, - деді Цой.
Министр қазақстандық вакцина өзге елдерде өндірілу мүмкіндігі туралы айтты.
Вакцинаны кеңейту талқыланып жатыр. Егер де оны өндіру бойынша ұсыныс түссе, әзірлеуші оны өндіруге құқығын берсе, біздің вакцина өзге елдерде өндіірілуі әбден мүмкін, - деді ол.
Цой осыған дейін қазақстандық вакцинаның әзірлену уақыты сәуірдің аяғына болжанып отырғанын айтты. Ол әзірленіп болған соң, ел ішінде салдырту мәселесі шешіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы