Бұл мәселеге жол берілмейді. Аймағамбетов мектептердегі пәндерді бөлу мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министр Асхат Аймағамбетов мектептердегі пәндерді бөлу мәселесін көтерді.
Мектептерде тиісті пәндер бойынша бөлу мәселесі бар. Оны қыркүйек айында қарадық. Бұл мәселе бойынша кейбір өңірлер заңмен бекітілген бөлу бойынша талаптарды түрлі сылтаулармен орындамай отыр. Егер заң бойынша пәнді бөлу қажеттілігі болса, онда бұл жұмыс жүргізілуі керек. Бұл мәселе бұйрықтарда «жұмсақтау» жазылып, оған жол беруге мүмкіндік тудырса, онда Шолпан Таңатқызы тиісті заңнамаға өзгеріс енгізіп, бақылауда ұстау қажет. Сапаны қазір ойлап тапқан жоқпыз, ол бұрыннан бар. Егер сапаны талап ететін болсаңыздар, онда тиісті жағдай жасаңыздар, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.
Ол ақшаны сападан емес, басқа жұмыстан үнемдеу керегін айтты.
Ақша үнемдеу – ол сіздердің жұмыстарыңыз емес. Ақшаны балалардың есебенін емес, басқа мәселеден үнемдеу керек. Сондықтан бұл мәселеге жол берілмейді. Тиісті жергілікті департаменттер аталған мәселелер бойынша талдауды жүргізсін. Содан кейін нақты шара қабылдаймыз, - деп түсіндірді Білім министрі.