Бұл мәселе қиын болып тұр – Архимед Мұхамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде биылғы аптап ыстық салдарынан қуаңшылық болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Биыл ауа райы күрделі болып тұр. Мәселен, сәуір және мамыр айларындағы жауын-шашынның мөлшері 6,9 мм және 8,8 мм құрады. Ал маусым айы 10 мм болды. Бәрін қосқандағы жауын-шашынның жылдық көрсеткіштің 30 пайызына да жетпейді. Осы жылы 29 пайызды ғана көрсетіп отыр. Бұл мәселе бойынша жағдай қиын, - деді  ол.

Оның айтуынша, шөп шабу науқаны басталып кеткен. Қазіргі уақытта қолда бар ыңғайлы жерлер пайдаланылуда.

Шөп шабу науқанын бастадық. Бүгінгі таңда барлық аудан мен қалаларға жеткізілуде. Жоспар бойынша 1 млн 84 мың тонна шөп дайындауымыз керек. Бүгінгі күні біз оның 24 пайызын орындадық. Біз барлық қолда бар ыңғайлы жерлерді пайдаланудамыз. Оның ішінде көп жылдық алқаптар, орман жанындағы және су қоймаларының жанындағы жерлер бар, - деді Қостанай облысының әкімі.

Сонымен қатар әкім өткен жылы өнімнің жақсы болғанын, егер биыл өнім жетпей қалып жатса, өткен жылдан қалған 56 мың тоннаны резерв ретінде қолданатынын айтты. 

Бізде тәжірибе бар. Мұндай жағдай 2019 жылы болды. Бұл мәселенің барлығын Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп шешеміз деген ойдамыз. Бүгінгі таңда бар шөпті пайдалануымыз қажет. Науқан біткенен кейін қанша жетпейтіні анықталады. Одан кейін жергілікті комиссия қанша жетпейтінін анықтайтын болады. Былтыр жақсы өнім болды. Содан 56 мың тонна шөп қалды. Сол резервтерді пайдаланатын боламыз, - деді ол

Олжас АДАЙ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы