«Бұл – капитуляция»: Трамп Иранмен жасалған келісімді бағалады
Оның айтуынша, АҚШ әлемдегі ең қуатты қарулы күштерге ие және Иранға қатысты теңіз блокадасын ұйымдастырып, кемелер қозғалысын шектеген.
АҚШ президенті Donald Trump Иранның АҚШ-пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюын «капитуляцияға тең қадам» деп бағалады.
Axios басылымына берген сұхбатында Трамп бұл келісімді «іс жүзіндегі сөзсіз берілу» деп сипаттап, АҚШ Иранға әскери тұрғыдан басымдық көрсеткенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ әлемдегі ең қуатты қарулы күштерге ие және Иранға қатысты теңіз блокадасын ұйымдастырып, кемелер қозғалысын шектеген.
Сонымен қатар, келісім АҚШ-та қызу пікірталас тудырды. Бірқатар демократ және республикашыл саясаткерлер меморандум шарттарын сынға алды. Кейбір заң шығарушылар құжатты Вашингтон үшін тиімді емес мәміле деп бағалауда.
Бұған дейін АҚШ, Иран және Пәкістан өкілдері 14 маусымда Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған келісімге қол жеткізілгенін растаған болатын.