Бұл – халықтың ақшасы. Депутат ҰҚК-ға бөлінетін қомақты қаржы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне республикалық бюджеттен 2020 жылы 423 млрд 690 млн, 2021 жылы 352 млрд 668 млн, 2022 жылы 345 млрд 525 млн қаржы бөлінген. Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook-тегі парақшасында жазды.
Демек әр жыл сайын елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 800 мың тұрғыны бар Қызылорда облысының бір жылдық бюджетін беріп келдік. Бұл өте қомақты қаржы. «Осындай көп қаржыны қайда жұмсайсыздар» деп сұрақ қойғанымда бұл жариялыққа жатпайды деп жауап берген еді. Ақыры неге соққанын уақыт көрсетіп отыр. Мемлекеттік бұл орган біздер үшін де құпия болып келді. Осы кезге дейін ҰҚК басшысының Сенат қабырғасына келгенін көрген емеспін, - деді депутат.
Оның айтуынша, осы құпия мекемеге қатысты табандылық көрсете алмадық.
Енді жағдай өзгереді деп сенемін, бюджеттің әрбір тиынына жауап беретін кез келді. Өйткені бұл халықтың ақшасы, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев қайтыс болды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы