Бұл - еліміз үшін бетбұрыс кезеңі. Тоқаев жаһандық шиеленістер өршіп келе жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.
Президент айтқандай, бұл міндет табысты орындалса, ұллттық дипломатия уақыт талабы мен азаматтардың сұранысына сай болады.Індет басталғаннан бері әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаһандық шиеленістер өршіп келе жатыр. Бұл - еліміз үшін бетбұрысты кезең. Алдымызда ұзақмерзімді міндеттер тұр. Біз Қазақстанның халықаралық беделін сақтап, әлемдік аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз. Осыған орай сыртқы саяси жұмыс тәсілдерін қайта саралап, жүйелі шаралар әзірлеуіміз керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ең алдымен мемлекеттіміздің мүддесін лайықты қорғай аламыз. Сыртқы істер министрлігінің осындай алқа отырысы 6 жылда алғаш өтіп жатыр. Сондықтан біз қордаланған түйіткілдің барлығын мұқият талдап, ақылдасуымыз керек, - деді ол.