"Бұл азғындар ешқашан өзгермейді". Аймағамбетов түрмеден шығатын педофилдер жайлы

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жалпы отырыста бостандыққа шыққан педофилдерді өмір бойы бақылауда ұстау заңға ұсынылғанын, бірақ ол қолдау таппағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірнеше апта бұрын өте маңызды заңды қабылдадық. Ол – педофилдерді өмір бойы бас бостандығанын айыру. Олар енді өмір бойы түрмеде отыруы керек. Бірақ бұл норма мұның алдында сотталған педофилдерге қатысты болмайды. Яғни алдында сотталғандар бостандыққа шыға береді. Біз бұған бір норманы ұсындық: енді бостандыққа шығатын педофилдерге әкімшілік қадағалау немесе пробациялық бақылауды енгізу, - деп айтты депутат.

Аймағамбетов депутаттар яғни бостандыққа шығатын педофилдерді енді өмір бойы бақылауда ұстау, олар қайда жұмыс істейді, қай жерде тұрады, керек болса картаға шығаруды ұсынғанын айтты.

Өйткені бұл азғындар, айуандар ешқашан өзгермейді. Оны мен айтып отырған жоқпын, оны бізге ғылым көрсетіп отыр. Бұл түзету, бұл норма неге қолданылған жоқ? – деді депутат.

Мәжілісте “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатқанын еске сала кетейік.

Осыдан бірнеше апта бұрын Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғайтын заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы