Букреев шыңына шығып, адасып кеткен туристер құтқарылды

Алматы облысында Букреев шыңына шығып, адасып кеткен туристер құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 жастағы үш жасөспірім Букреев шыңына көтеріліп, жаңа бағытты зерттемей төмен түсіп, соқпақ жолдан шығып, адасып кеткен.

Олар байланыс ұстайтын жерден ұялы телефон арқылы құтқарушыларды көмекке шақырғаны белгілі болды.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық есеп тобымен олардың геолокациясы бойынша тауға көтеріліп оқиға орнынан таба алмады. Балалар өз күштерімен түсуге шешім қабылдаған екен, құтқарушылар олардың соңынан түсіп жақын аялдамаға дейін түсірді, - делінген хабарламада.

Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы