Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
Румыния астанасы Бухарест қаласында өткен олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 100% нәтиже көрсеткен команда сапындағы 6 оқушының тең жартысы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары.
"РФММ"-нің Алматы және Астана қалаларындағы филиалдарының ұжымы чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды.
Болашақ жас ғалымдардың арасында Астана қаласындағы физмат мектебінің 10-сынып оқушысы Анастасия Пономорёвада бар. Ол халықаралық IJSO олимпиадасында қола жүлдені жеңіп алды.
Бұл менің алғашқы халықаралық олимпиадам. Мен үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Қазақстан құрамасы өте жақсы дайыдықпен аттандық. Сондықтан болар мен олимпиада барысында қатты қобалжыған жоқпын. Сол үшін де өзімнің Республикалық физика-математика мектебіндегі мұғалімдеріме зор алғыс білдіремін. Халықаралық аренадағы жеңісті жолымды әлі де жетілдіріп, дамыта түсуді жоспарлаймын, - деді "РФММ" КеАҚ Астана қаласындағы филиалының оқушысы Анастасия Пономорёва.
Айта кету керек, Анастасия 1-сыныптан бастап Астанадғы физмат мектебінде білім алып келеді. Бастауышта жүргенде республикалық "Бастау" олимпиадасында 2 орын алса, 8-сыныпта республикалық сынның жеңімпазы атанған.
Жаратылыстану бағытындағы пәндерге қызығушылық танытқан оқушы осы жолы әлемнің 60 елінен 400-ге жуық оқушы қатысқан дүбірлі додада топ жарып, жеңіпаздар қатарынан көріне білді. Анастасияның ендігі арманы –физика, химия және биология пәндері бойынша жас ғалымдарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосатын IJSO олимпиадасының алтын медалін жеңіп алу.