Бүгiн 2026, 16:03 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұхарадағы бейресми кездесу: Тоқаев пен Мирзиёев не туралы сөйлеспек?

11 сәуірде Бұхарада Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездеседі. Келіссөздерде стратегиялық серіктестік пен өңірлік өзекті мәселелер талқыланбақ.

11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан ортақ жобаларды қолға алғанын жаздық. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен және Қазақстанның зиялы қауым өкілдерімен бірге Өзбекстанға барды.

Тағы оқи отырыңыздар:

«Цифрлық көпір» және туризм: Қазақстан мен Өзбекстан байланысын бекемдей түсті