Бүгіннен бастап МӘМС бойынша консультациялар 1414 арқылы беріледі

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 маусымнан бастап 1406 нөмірі бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылған медициналық сақтандыру және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша барлық консультацияларды 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы ұсынады.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ елорда филиалының мәліметінше, бұл шара Қор халыққа консультациялық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және жоғалған қоңыраулар үлесін қысқарту үшін жасалды. 

2023 жылдың 1 маусымынан МӘМС бойынша консультациялар 1414 арқылы беріледі.

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер сұрақтар-өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.

Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы
Өзгелердің жаңалығы