Израильде көшеде маска тақпауға рұқсат етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі көшеде маска тағуды міндеттейтін ережені алып тастау туралы шешім қабылдады, деп жазды Хабар24.
Елде індет жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты 18 сәуірден бастап маска тақпауға рұқсат етілді, - делінген министрліктің сайтында.Сондай-ақ, Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі даладағы жиналыстарда масканы тағып алуға кеңес береді. Өз үйлерінен басқа ғимараттардың ішінде масканы тағу міндетті.
25 наурызда Израильдің Денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн коронавирустан вакцинаны ел азаматтарының жартысынан көбі алғандығын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылықтар бір-бірін COVID-19 вакцинасын алуға шақырды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы