Бүгінгі сайлау мен үшін тарихи күн – сайлаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарқан ауданында үш ауылдық округте ауыл әкімін сайлауы өтті деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайлауға үш округтен жастары 25 пен 50 жас аралығындағы 9 кандидат қатысты. 

Сынға түсіп жатқан барлық кандидаттар осы күнге дейін ауыл-аймақты аралап, жалпы округті дамытуға арналған бағдарламалырын тұрғындарға таныстырған.

Бүгінгі сайлауға ең алғашқылардың бірі болып, жасы 70 – ті алқымдаған Гүлсия Сембекқызы келсе, артынша 18 жастағы Перизат Төлеген да тысқары қалмай өз дауысын берді.

Мен ең алғашқы рет сайлауға қатысуым. Әрине, мен үшін бұл сайлау орны ерекше. Неге десеңіз? Біз дауыс беріп, жеңіске жеткен жаңа ауыл әкімі ел сенімін ақтап, ауылымызды одан әрі дамытып, халқының қамын жейтін басшы болса онда, менің сайлауда жасаған дұрыс таңдауым деп білемін. Бүгінігі сайлау мен үшін тарихи күн, - деді сайлаушы Перизат Төлеген.

Соның ішінде Аманбөктер ауылдық округінде 265 сайлаушы тіркелген. Сонымен қатар, ауылдық округ әкіміне 3 кандидат бар. 

Айта кетейік, бүгінгі өткен сайлауға 3 округ, 6 елді-мекеннен 3 мыңға жуық сайлаушылар өз дауыстарын берген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы