Бүгінгінің Робинзоны: Солтүстік Қазақстанның иен қалған ауылында жалғыз адам тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Янцено ауылында бір кезде 130 адам өмір сүрген. Осыдан екі жыл бұрын ауыл ресми түрде  жабылды. Алайда иен далада қалған ауылға ие болып отырған бір жан бар, деп жазды pkzsk.info.

Алпыстан асқан Александр Бумагин мұнда алты жылдан бері жалғыз тұрады. Жанына серік болып жүрген тек иті мен мысығы. Ол қайыңнан сыпырғыш жасап, ауылдан жарты шақырым жатқан жол бойында онысын сатумен күн көріп отыр.

Александрдың екі баласы мен төрт немересі бар. Олар қазір алыста. Бұған дейін ауылда әйелімен бірге тұрған көрінеді. Ал ол осыдан алты жыл бұрын  дүние салды. 

Александр 20 жылдан бері қалаға шықпаған. Жол түсіп барғанда қатты таңғалғанын айтады. 

Бәрі өзгерген, ғимараттар неткен биік болып кеткен десеңізші! Адамдар да өзгерген, - дейді ол.

Бес жылда Солтүстік Қазақстан облысында 38 ауыл жабылған. 

Қазір бұл процесс тоқтап тұр. Өйткені халық санағы өтуде. Урбанизация процесі бізде ғана емес, әлемде жүріп жатыр, - дейді облыстық Экономика басқармасының ауылдық территориялар бөлімінің басшысы Жанар Ахмиева. 

Солтүстік Қазақстан облысының  341 елді мекенінде халық саны 250 тұрғыннан төмен. Ауыл халқы ең аз Айыртау мен Тайыншы аудандары. Мұндағы 170 ауылдың халқы 100 адамнан аспайды.  30 ауылда он шақты тұрғыннан бар. 

Лаура ТІЛЕУБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы