Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

Астана мен Алматы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльді сатып алу мен сатудың бағамдары ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 525,86 теңгеге, сату — 528 96 теңгеге тең. Астана қаласының айырбастау пункттерінде американдық валютаны орта есеппен 515,08 теңгеден сатып алады, 530 теңгеден сатады.

Алматының айырбастау пункттерінде еуро 545,32 теңгеден сатып алынады, 549,02 теңгеден сатылады. Астанада сатып алудың орташа бағамы — 543,94 теңге, сату — 553,98 теңге.

Алматының айырбастаушыларында Ресей рублі 5,06 теңгеден сатып алынады, 5,14 теңгеден сатылады. Астанада айырбастау пункттері рубльді 5,02 теңгеден сатып алады, 5,12 теңгеден сатады.

Бүгінгі таңда валюталардың ресми бағамдары келесідей: 1 доллар — 523,86 теңге, 1 еуро — 544,34 теңге, 1 рубль — 5,11 теңге.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы