Бүгінгі сайлау еліміздің болашақтағы бағдарын анықтайды – Қарин дауыс берді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 111-сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін – өте маңызды күн. Еліміздің әр азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, сайлау күні өз дауысын бере алады. Егер әрқайсымыз еліміздің, отбасымыздың болашағына жақсы өзгерістер керек десек, сайлауға міндетті түрде қатысып, өз дауысымызды беруіміз керек, - деді ол.
Мемлекеттік хатшы биылғы кезектен тыс Президент сайлауының ерекше қызығушылық байқалатынын атап өтті.
Бүгінгі сайлау еліміздің болашақтағы бағдарын анықтайтын болады. Меніңше, қазір өтіп жатқан сайлау науқаны ел ішінде де, шетелде де үлкен қызығушылық тудыруда. Менің білуімше, елімізге 600-ден аса шетелдік бақылаушы келіп жатыр. Одан басқа, ел ішінен мыңдаған бақылаушы қатысып жатыр. Бұл биылғы сайлау науқанына үлкен қоғамдық белсенділікті аңғартады, – деді Қарин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертіс өңірінде 528 сайлау учаскесі жұмысын бастады
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы