Бүгінгі референдум қазақстандық қоғамды ұйыстырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 27 жыл ішінде алғаш рет референдум өтуде. Енді азаматтар Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша өз пікірлерін білдіре алады.
Бұл біздің тарихымыздағы ерекше сәт. Қазақстандықтар парламенттік немесе президенттік сайлауда дауыс беруге дағдыланса да, бүгінгі референдум көптеген сайлаушылар үшін алғаш рет өтіп жатыр, дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаров.
Референдум маңызды жалпыұлттық мәселелер бойынша азаматтардың пікірін білуге мүмкіндік береді. Бұл тікелей демократияның элементі және бүгінгі таңда Қазақстан азаматтары сайлау учаскелерінде дауыс бере отырып, мемлекеттік саясаттың қалыптасуына тікелей ықпал ете алады.
Қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар сайлау учаскелерінде дауыс беру процесінің ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз етеді. Сайлау учаскелерінде үгіт-насихат жұмыстарының қандай да бір нысандарына жол бермеу мақсатында бақылау процесі жүріп жатыр. ҚР Орталық сайлау комитеті сайлаушылардың келуі туралы тұрақты түрде хабардар етіп отырады. Қазақстан жұртшылығы мен халықаралық аудитория тарапынан референдумға деген жоғары қызығушылық байқалады, деді Слямжар Ахметжаров.
Жалпы қазақстандықтар үшін қазір жария саясатқа жол ашылуда. Референдумға қатысу - бұл қазақстандық азаматтар үшін жалпыұлттық мәселелер бойынша өз пікірін білдірудің алғашқы қадамы.
Біз Қазақстанда азаматтардың саяси мәдениеті біртіндеп нығайып келе жатқанын көріп отырмыз. Жаһандық ауқымда байқалып отырған саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында бүгінгі референдум қазақстандық қоғамды ұйыстырады. Сайлау учаскелерінде естелікке суретке түсіп жатқан жанұяларды көруге болады. Мұның бәрі қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің артуын білдіреді, деді ол.