Бүгінгі қазақстандық суретшілердің ойында не бар?

Qazaq Content атты көрме әлеуметтік желілерде ерекше танымалдылыққа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде Әсел Сабыржанқызы, Шалқар Қабдеш және Алмас Нұрғожаевтың туындылары қойылған. 

Айта кетейік, көрмеде кескіндеме, графика және мүсін өнеріндегі туындыларды көруге болады.

Сонымен қатар көрмеде тарихта із қалдырған әйелдердің бейнелері бейнеленген иран, түрік және басқа да өндірістердің кілемдері қойылған.

Суретшілерге жеке тоқталар болсақ, Әсел Сабыржанқызы тарихта аты қалған әйелдерді, яғни Ұлы дала патшайымдары мен амазонкалардың жеке суреттері бейнеленген портреттерін көрмеге қойған. 

Ал Алмас Нұрғожаев ерекше фигураларға, тылсым күшке толы орбитаға жан бітірген. Шалқар Қабдештің суреттері мүсіндерді кескіндеу арқылы суретшінің өзіндік кеңістігі мен еркіндігін жеткізеді.

Суретшілердің шығармашылық жұмыстары үлкен еңбекпен жасалғанына көз жүгірте отырып, кез келген затқа сурет салуға болатынын түсіндіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы