Бүгінгі күні тергеу изоляторларында 728 адам қамауда отыр - Ешмағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитетінің төрағасы әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов брифинг барысында айтты.
Құқық қорғау органдары «қаңтар айындағы оқиғаларға» қатысты қылмыстық істерді тергеу бойынша жұмысты апта сайын жария етеді. Бүгінгі күні тергеу изоляторларында 728 адам қамауда отыр.Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыстар жаса-ды деген күдікке ілінді, тағылған айыпқа баға беру соттың құзырына жатады және ұсынылған дәлелдердің негізінде беріледі – ол бейне-жазбалар, куәлардың айғақ-тарымен және басқа материалдар, - деді ол.
Ешмағамбетов атағандай, осы жылдың қаңтар айында Алматыда және басқа да бірқатар облыс орталықтарында тонаулар болып, ғимараттар мен автокөліктерді өртеп, бейбіт тұрғындарға зорлық-зомбылық жасап, полиция және әскери қызметкерлерге шабуыл жасалған.
Осы кезеңде елімізде көптеген ғимараттар тоналып, өртелді, жүздеген автокөліктер жойылды. Мемлекеттік және жеке меншік-ке, ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді. Ауыр және аса ауыр қылмыс-тар жасағаны үшін, айыпталған адамдар ғана, қамалғанын, тағы да атап өткім келеді, - деді ол.