Бүгінгі күнге дейін комиссияның көмегімен 85 адам босатылды – Құспан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан журналистерге арналған брифингте айтты.
«Аманат» комиссиясы менің бастамасмен құрылды. Ол 22 қаңтарда құрылған болатын. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен кезлесіп, Бас прокуратурамен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болдық. Комиссияның өзгелерден айырмашылығы ретінде біз екі өкілеттікке ие болғанымызды айта аламыз. Бірі - тергеу изоляторларына кіріп, олардың жатқан жағдайын тексеру. Екіншісі - азаматтарға қылмыстық іс-материалдармен танысу, - деді Құспан.
Адвокаттың айтуынша, комиссия 6 өңірде жұмыс істеді.
Алматы бойынша 68 адам, Алматы облысы бойынша 9 адам, Шымкент бойынша 8 адамның бас шарасын өзгертіп, 85 адамды қамаудан босатуға қол жеткізілді, - деді ол.
Абзал Құспанның айтуынша, ШҚО мен Өскеменде 24 адам, Шымкентте тағы 5 адам босатады деген жоспар бар.
Әр адаммен кездесіп, материалдарды қарау өте көп уақыт алады, - деді ол.