Бүгінгі күнге дейін халықтың 57,7%-ы газға қол жеткізді – Ақшолақов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Болат Ақшолақов 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру 57,7% немесе 11 млн адам газға қол жеткізді.

2021 жылы газ өндіру көлемі 53,8 млрд текше метрді құрап, ал 2022 жылға арналған жоспар 54,5млрд текше метрді құрайды. 29,4 млрд текше метр тауарлық газ өндірілді, 2022 жылға жоспар – 29,6 млрд текше метр, - деп айтты ол.

Министрдің сөзінше, газ экспорты - 7,2 млрд текше метр, 2022 жылға арналған газ экспортының күтілетін көлемі – 5,4 млрд текше метр. Экспорттың төмендеуі ішкі тұтынудың артуымен байланысты.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру 57,7% немесе 11 млн адам газға қол жеткізді. Өңірлерді дамытуға арналған трансферттер шеңберінде осы жылы 45,8 млрд теңге сомасына газ инфрақұрылымы құрылысының 96 жобасын іске асыру жоспарланып отыр, - деп түсіндірді Энергетика министрі.

Оның ішінде 59 елді мекенді немесе 79 мың адамды газбен қамтамасыз ету үшін 38 объектіні аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы