Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның болжамына сәйкес, кең ауқымды, суық антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек батыс және оңтүстік аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууына ықпал етеді.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде тұман түсіп, Алакөл маңында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.
Қызыолрда облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде орталығында желдің секундына күші 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, түнде оңтүстігінде жел күшейеді, күші 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының тау және таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қостанай облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.