Бүгінгі күн алдағы өзгерістердің бастауы – Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сауда жолдарын дамыту тұрғысынан маңызды оқиға туралы қуана хабарлаймын. Бұл туралы біз соңғы уақытта айтқан болатынбыз, өйткені бұл саланы жаңғыртумен үлкен перспективалар байланыстырамыз, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлері А. Ұ. Мамин мен А. Н.Арипов "Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысына капсула салды.
"Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы "Жібек Жолы" және "Гишт Куприк" қолданыстағы шекаралық өткізу пункттерінде 400 га алаңда орналасқан. Оның аумағында заманауи әмбебап өткізу пункті пайда болады. Оның өткізу қабілеті тәулігіне екі бағытта да 35 мың адамға және 5 мың жүк автомобильдеріне бағаланады. "Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы аймақаралық және шекаралық сауда қатынастарының түбегейлі жаңа жүйесін құру идеясына "байланысты". Қазақстан мен Өзбекстанда дамытып отырған Көтерме - тарату орталығы мен Агро- логистикалық орталығы жүйесі Еуразиялық сауда легінің дамуының өзегі болуға тиіс. Біз сондай-ақ Өзбекстанның Сухандария және Ферғана облыстарында өзіміздің үш Көтерме - тарату орталығы салғымыз келеді, - деді министр.
2 ірі агломерацияның шекарасы мен түйіскен жеріндегі жаңа сауда-өнеркәсіптік және логистикалық алаңдар әрбір экономика үшін үлкен синергетикалық әсер береді.
Түркістан облысы өзбектердің Рессейге , Еуропалық Одақ пен Қытайға экспорты үшін маңызды рөл атқарады. Ташкент облысы Қазақстан үшін Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанға транзиттік пункт болып табылады. Өзбекстанның тауар айналымының 50% - тен астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. Азиялық Даму Банкі бағалауы бойынша өңірлер арасындағы сауда да, транзиттік сауда да 2025 жылы 35% - ке және 2019 жылмен салыстырғанда 2030 жылы 65% -ке артады, - деді ол.
Шекара маңындағы сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшінші елдермен транзиттік сауданың - 2019 жылғы $23 млрд-тан 2030 жылы $37,9 млрд-қа дейін өсуіне де ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, азық-түлік тауарларын өндіру бойынша кластерлік кооперациялық жобаларды құру кезінде өткізу нарықтары көлемінің әлеуеті (Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, ҚХР, ЕАЭО елдері және Орталық Азия) $21 млрд-тан астам бағаланады. Сондықтан перспективалар мен даму жоспарларын ескере отырып, өзара саудада $10 млрд-қа қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Біз бірыңғай цифрлық өткізу пунктін, уақытша сақтау қоймасы, көлік-логистика орталығын, автовокзал мен кірме жолдарды салу бойынша 1 – кезекті іске асыруға кірісуге дайынбыз, - деп жазды Сұлтанов.
2-ші кезек өнеркәсіптік сауда-сервистік аймақ құруды көздейді. Бұл өнеркәсіптік объектілер, бірлескен кооперациялық кәсіпорындар, сауда ойын-сауық орталығы және көтерме-бөлшек сауда орталықтары, кеңсе, қонақ үй объектілері, қоғамдық тамақтану пункттері.