Бүгінгі ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
22 ақпан күні Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді
Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, күндіз көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с артады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, түнде аталған өңірлердің шығысында, орталығында көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ байқалады.