Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгін, 8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидрометке» РМК мәліметінше, Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Еске салайық, 7 желтоқсан күні, сағат 18.00-ден бастап аязға байланысты Астана қаласынан шығатын барлық республикалық жолдар жабылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы