Бүгінге дейін вакцинация бойынша 600-ден астам ақпарат жарияланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.
Кеше өткен Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Асқар Мамин әкімдіктердің сайтында вакцинациялау, оның пайдасы мен егу пункттерінің мекенжайлары туралы нақты ақпарат жоқ екенін мәлімдеген болатын. Осыған орай комитеттің ресми өкілі коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бұл мәселенің қарастырылғанын айтты.
Вакцинация басталмастан бір ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және министрлікке қарасты комитеттердің сайтында барлық қажетті ақпарат орналастырылған. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен телеграм арналарда вакцинация бойынша ақпараттар жазылған. Өңірлердегі әкімдіктердің сайттарына ақпарат жолданды, тиісті ақпарат жарияланатын болады, - деді ол.
Оның айтуынша, ДСМ тарапынан бүгінге дейін вакцинация бойынша 600-ден астам ақпарат орналастырылған. БАҚ-на күніне бірнеше эфир және сұхбаттар беріліп жатыр. Жұмыс қарқынды жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы