29 Наурыз 2024 2024, 15:33
Фото: Видеодан скрин
Бүгінде балалар жұқпалы ауруханасында 380 бала ем қабылдауда
Астанада балалар жұқпалы ауруханасында 380 бала ем қабылдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада балалар жұқпалы ауруханасында 380 бала ем қабылдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның ішінде, қызылшадан - 56 бала, көкжөтелден – 4 бала, А вирусты гепатиті бойынша – 3 бала ем қабылдауда. Балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеуде, дейді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева.
Қызылшамен де көкжөтелмен де сырқаттанудың негізгі себебі – вакцина қабалдамағандықтан. Ауруханаға түскен балалардың 90%-ы вакцина қабылдамағандар, - деді ол.
Аталмыш ауруларға медициналық көмек көрсету үшін таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін демалыссыз сүзгі кабинеттері жұмыс жасайтынын атап өтті. Сондықтан ата-аналар тек стационардың қабылдауына ғана емес, тіркелген жер бойынша емханаға да жүгіне алады.