24 Шілде 2024 2024, 08:55
Фото: pixabay.com
Бүгін Жер бетінде күшті магниттік дауыл болады
Ғарыштық зерттеу институты Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары 24 шілдеде геодауыл болатыны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ғарыштық зерттеу институты Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары 24 шілдеде геодауыл болатыны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, магниттік дауыл таңғы 6-да басталып, тал түске дейін жалғасады.
Сондай-ақ ғалымдар магниттік дауылдың деңгейі G1-G2 (ең жоғары — G5) деңгейінде орын алады деп жорамалдап отыр.
Ғалымдардың айтуынша, шілденің қалған күндері тамыз айына дейін магнитосфера қалыпты жағдайда болады.