8 Маусым 2025 2025, 09:13
Фото: Артем Чурсинов / архив
Бүгін – жеңіл өнеркәсіп және мал шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Маусым айының екінші жексенбісі Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні мен Малшылар күні ретінде белгіленген
Бүгін Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп пен мал шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін елімізде екі маңызды саланың мамандары – жеңіл өнеркәсіп пен мал шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Дәстүрге сай, маусым айының екінші жексенбісі Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні мен Малшылар күні ретінде белгіленген.
Жеңіл өнеркәсіп – тоқыма, киім-кешек, аяқ киім және арнайы киім өндірісін қамтитын, халықтың күнделікті қажеттілігін өтейтін маңызды сала. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген мамандардың тынымсыз еңбегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай үлес қосып келеді.
Ал мал шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Малшылардың еңбегі арқылы қазақстандықтар сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтылып отыр.