Бүгін Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді

2024 жылғы 20 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 20 сәуір сағат 8-дегі ахуал белгілі болды.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:   

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 567 см., деңгейдің +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 344 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 694 см., деңгейдің + 6 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 377 см құрайды.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 404 см., тәулігіне + 5 см. дейін су деңгейі көтерілген, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 213 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

19 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 294 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы