Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 29 тамыз – еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 


Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. 

Жарылыстан қаза болғандар саны 13-ке жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы