Бүгін зейнетақысын алуға 11 мыңға жуық адам өтінім берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 9:00-ден бастап арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 10 500-ден астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, enpf-otbasy.kz арнайы сайты арқылы сағат 17:00-ге қарай 10 779 өтінім қабылданды, - деді баспасөз қызметінің өкілі ҚазАқпарат сауалына жауап бере отырып.
Белгілі болғандай, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 67 мыңнан сәл астам арнайы шот ашылды. Бұдан бұрын хабарланғандай, зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Осы арқылы ел аумағында өтінім қабылдау басталды.
Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында кеше зейнетақының бір бөлігін баспанаға жұмсау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мен «Отбасы банк» басшылары жиында көптің көкейінде жүрген басты сұрақтарға жауап берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы