Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

26 тамыз, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі дүйсенбіде тек Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайтынын жазды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы