Бүгін ұлттық валюта – теңге күні
Бүгін Қазақстан Ұлттық валютасының қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Қазақстан Ұлттық валютасының қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төл теңгеміздің тарихы сонау 1993 жылдың 15 қарашасынан бастау алады.
Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстан теңгесі – әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың бірі. Мысалға 20 000 теңгелік Қазақстан банкнотасы ең жақсы қорғалған банкнота болып саналады. Бұл валюта негізі 2022 жылғы 1 қазанда айналымға шыққан. Банкнотаның 25 қорғаныш элементі бар.
Халықаралық банкнота қоғамдастығы (International Bank Note Society) 3 жыл қатарынан, 2011 жылдан 2013 жылға дейін қорғаныш элементтеріндегі қайталанбас дизайн мен ұтымды шешімдер үшін Қазақстан банкноталарын әлем бойынша үздік деп таныды, – деп хабарлады Ұлттық банк.
Қазақстан 3 жыл қатарынан марапат алды. 1961 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұйымның тарихында бір елдің үш рет марапат алуы бұрын-соңды болмаған. Жалпы, Қазақстан банкноталары әлем бойынша қорғалу жағынан әрі әдемілік сипатынан халықаралық аренадағы 10-нан астам марапатқа ие болды.
Ұлттық валюта банкноталары ерекше шықырлайтын арнайы қағазға басылған. Егер банкнотаны саусағыңызбен сипап көрсеңіз, рельефті сезіне аласыз. Бұл – арнайы баспа техникасы.