Бүгін – Ұлттық аза тұту күні
12 маусым – Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды BAQ.KZ.
8 маусым күні «Семей орманы» резерватынан өрт шықты. Төтенше жағдай басталғаннан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел жұмысқа кірісіп, міндеттерін мүлтіксіз өтеуде.
Өрттің жайылып кетуіне байланысты Семейде төтенше жағдай жарияланды. Қазір сала мамандары тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.
Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында сөйлеген сөзінде.
Ұлттық аза тұту күні ел аумағы бойынша мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиода ойын-сауық бағдарламалар мен жарнама беру тоқтатылады.