29 Қараша 2026, 06:55 Фото: pixabay

Бүгін төрт қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты ауа райы факторларының әсерінен зиянды заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуы.

29 қарашада Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжанып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Шымкент, Түркістан, Алматы және Атырау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты ауа райы факторларының әсерінен зиянды заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуы.

Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға бірнеше ұсыныс жасады:

  • Ашық ауада жүру уақытын қысқарту, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеу;

  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

  • Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру;

  • Ашық ауадағы дене жаттығулары мен спорттық белсенділікті шектеу;

  • Спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.