Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК қалалардағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 шілдеде Ақтөбе, түнде Астана, Атырау, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да гараж өртенді
Өзгелердің жаңалығы