Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік көп жүретін жерлерден аулақ болуға кеңес береді. 

Бүгін, 15 мамырда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз ауа райы Алматы мен Көкшетауда, сондай-ақ түнгі уақытта Астана мен Ақтөбеде болжанып отыр.

Мұндай метеожағдайлар кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұған әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы секілді факторлар әсер етеді.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік көп жүретін жерлерден аулақ болуға кеңес береді. Созылмалы ауруы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен алып жүру ұсынылады. Сондай-ақ ашық ауадағы дене жаттығуларын шектеу қажет.