Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды

26 ақпан, дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Өскемен, Риддер, Жезқазған, Балқаш қалаларында, сондай-ақ күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы