Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды

29 қазан, жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні ауа сапасы тек Алматы қаласында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы