Бүгін тек Алматыда қолайсыз метеожағдай режимі жарияланды
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы және тынық ауа райы сияқты факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
4 маусым күні Қазақстанның бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін ҚМЖ Алматы қаласында тіркеледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы және тынық ауа райы сияқты факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ҚМЖ кезінде ауаның ластану деңгейі артып, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал. Ауа сапасына желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы сияқты метеорологиялық факторлар ықпал етеді.
Осыған байланысты тұрғындарға:
ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдардың маңында ұзақ уақыт болмау;
балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ серуендеуін шектеу;
өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдардың қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру;
ашық ауадағы қарқынды дене жаттығуларын азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.