Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды

13 маусым, бейсенбі күні республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы