9 Маусым 2024 2024, 08:30
Фото: архив
Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды
9 маусымда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 маусымда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.