“Бүгін тарихи күн”. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев таңдау жасады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн. Елімізде жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бұл референдум Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгін біз Президентіміздің айқындаған “Халық үніне құлас асатын мемлекет” тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағына қатысты мәселелерге келген кезде тек мемлекеттік органдардың аясында емес, жалпыхалықтық пікірді ескеріліп барып шешім қабылдау керегін айтқан еді. Қазіргі таңда бұл ұстаным жүзеге асып жатыр, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат спикері АЭС бойынша референдум әділ өтетініне сенетінін айтады.
Халықтың пікірі ескеріліп, мемлекеттік органдар шешім қабылдайтын болса, әрине біз бүкіл қойған мақсатымызға жетеміз. Еліміз дамыған, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасады. Сол себепті еліміздің әр азаматының пікірі маңызға ие, – дейді Әшімбаев.