Бүгін - тарихи күн: Маңғыстау облысының әкімі референдумға қатысты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай дауыс беретін учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстың барлық аймағында жалпыхалықтық референдумға қатысу белсенді жалғасып жатыр. Өңірде 435 162 адам дауыс беруге құқылы. 250 учаскенің 238-і халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал 12 жабық сайлау учаскесінде ауысым қызметкерлері, тергеу изоляторындағылар, ауруханадағы науқастар дауыс береді.

Өңір басшысы тұрғындарды референдумға қатысып, таңдау жасауға шақырды.

Бүгін елімізде маңызды, тарихи күн. Жалпыхалықтық референдум Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, дауыс беретін тұрғындар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді болжайды, адам құқықтарын алдыңғы орынға қояды, — деді Нұрдәулет Қилыбай.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы