Бүгiн 2026, 07:04
Фото: freepik
Бүгін Таразда мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Мұндай шешім балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 ақпан, жұма күні Тараз қаласындағы барлық мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бірінші және екінші ауысым оқушылары үшін оқу процесі онлайн форматта ұйымдастырылады. Шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданған.
Синоптиктер соңғы екі тәулікте қалада 40 мм-ден астам қар түскенін хабарлады. Соның салдарынан жол қозғалысы қиындап, кей учаскелерде апат қаупі артқан. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер көшелерді тазалап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себуде.
Бұған дейін бүгін астаналық оқушылардың да қашықтан оқитынын жазғанбыз.