Бүгін таңертең Алматыда трансформатор өртенді

Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бостандық ауданында Желтоқсан көшесі бойында трансформаторлық қосалқы бекеті өртенді. Өрт 10 шаршы метр алаңды шарпыды. Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы